Ұлытау облысы әкімінің БАҚ қызметкерлеріне арналған сыйлығы табысталды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Ular сыйлығының жеңімпаздары 500 мың, 1 000 000 теңгеден иеленді.

Ұлытау облысы әкімінің БАҚ қызметкерлеріне арналған сыйлығы табысталды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

26 маусымда Жезқазғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне берілетін жыл сайынғы Ұлытау облысы әкімінің «Ular» сыйлығын тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Мереке иелерін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов құттықтады.

«Құрмет» орденімен Рахметов Шамхан, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ералина Салтанат марапатталды.

Ұлытау облысы әкімінің БАҚ қызметкерлеріне арналған сыйлығы табысталды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Сонымен қатар, «Еңбек ардагері» медалімен Арымбекова Аманкүл марапатталса, Ақпарат саласының үздігі төсбелгілерін Одинцова Валентина, Жұмабаев Қайрат пен Алпысбаева Мейрамкүл иеленді.

Ұлытау облысы әкімінің БАҚ қызметкерлеріне арналған сыйлығы табысталды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

«Ular» сыйлығының номинацияларымен келесі қызметкерлер марапатталды:

• «Мамандыққа адалдығы үшін» — «Подробности» газетінің директоры Барбутько Нина;

• «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» — «Ulytau» облыстық телеарнасының тілшісі Сейтқазы Мұқағали;

• «Экономика тақырыбын үздік жариялағаны үшін» — «Мысты өңір» газетінің тілшісі Әбдірашев Әлібек;

• «Өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» — «Ақшам» телеарнасының тілшісі Жанабекова Наргиз;

• «Шаңырақ» — «Saryarqa» газетінің бас редакторы Тілемісова Жаннұр;

• «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» — Қазақстан журналистер одағының Ұлытау облысы бойынша филиалының атқарушы хатшысы Түсіпов Изтөлеу;

• «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік материал» — «Жезказганский вестник» газетінің бас редакторы Алпанбаева Эльвира;

• «Өндіріс тақырыбын үздік жариялағаны үшін» — «Қазыналы өңір» газетінің тілшісі Наурызбаева Гаухар;

• «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін» — «Жаңаарқа» газеті редакциясының бас редакторы Ералина Салтанат;

• «Заң мен тәртіп қағидатын үздік жариялағаны үшін» — Сәтбаев қалалық «Шарайна» газеті редакциясының тілшісі Шахаева Марал;

• «Мәнер мен атқарымдылық үшін» — «Ұлытау тв» телеарнасының бас операторы Оразов Думан мен «Аймақ ақшамы» газетінің дизайнері Қабиева Венера;

Ұлытау облысы әкімінің БАҚ қызметкерлеріне арналған сыйлығы табысталды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Барлық үміткерлерге 500 мың теңгеден табыс етілді.

«Ұлытау облысы журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы мен 1 млн теңге көлеміндегі сертификат Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Мысты өңір» газетінің журналисі, Ибадатов Шахмұрат пен зейнеткер, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, «Ұлытау» газетінің тілшісі Мағзұмбек Машайықұлына табысталды.

Ұлытау облысы әкімінің БАҚ қызметкерлеріне арналған сыйлығы табысталды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Үздік БАҚ қызметкерлері Ұлытау облысының Құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұлытау облысы әкімінің БАҚ қызметкерлеріне арналған сыйлығы табысталды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар