Ұлытау облысында 14 мыңға жуық киіктің өлексесі жойылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Ұлытау облысындағы Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасына сай сондағы уәкілетті органдар мен еріктілер елді мекендерді киіктердің өлекселерінен тазартып жатыр. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті. 

Ұлытау облысында 14 мыңға жуық киіктің өлексесі жойылды
Фото: Исатай Сисенғалиев

— Қазіргі уақытта 14 мыңға жуық киік өлекселері жиналып, арнайы орындарда жойылды. Аталған іс-шараға 145 адам және 67 техника жұмылдырылған. Кеңгір су қоймасын өлекселерден тазарту жұмыстары төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері және арнайы техникаларымен жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге жергілікті тұрғындар да атсалысып, өздерінің үлестерін қосып жатыр. 

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады. Бұл жағдай прокуратура органдарының айрықша бақылауында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Экология министрлігі киіктердің қырылуына қатысты түсінік берген болатын.

Соңғы жаңалықтар