Ұлытау облысында 4 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылады
ҰЛЫТАУ. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасына сәйкес биыл Ұлытау облысындағы Жезқазған, Қаражал, Жаңаарқа және Қызылжар станцияларындағы 4 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жоспарланған.

Бүгінгі таңда Жезқазған қаласындағы вокзал бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мердігер ұйым арасында теміржол вокзалын реконструкциялау жөнінде келісімшарт жасалды. Мердігер тарапынан техника мен мамандарды жұмылдыру жұмыстары басталды.
Алдағы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, жобада жолаушыларға қажетті бөлмелері бар жаңа вокзал ғимаратын салу көзделген.
Сонымен қатар, жолаушылардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында галерея салу және перронды кеңейту қарастырылған.
Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданы және Қызыжар станциясындағы вокзалдарды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетелік Ұлытау өңірін ауыз сумен қамтамасыз етуге қайтарылған активтер қаражаты жұмсалған еді.