Ұлытау облысында банк менеджері тұрғындарды алдап, ақша жымқырған

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төлемдерін рәсімдеу сылтауымен ақша жымқырғаны үшін сотталды.

Банковский менеджер обманул жителей области Ұлытау под видом страховых выплат
Фото: Kazinform/ЖИ

Екінші деңгейлі банктердің қызметтік тексеру материалдарын зерделеу барысында Ұлытау облысының прокуратурасы банк қызметкерінің ақша жымқыру фактісін анықтады.

Анықталғандай, банк менеджері қызметтік жағдайын пайдаланып, азаматтарды алдау арқылы сақтандыру өтемақысын рәсімдеу және төлеу сылтауымен өңір тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген.

Құқыққа қайшы әрекеттердің салдарынан Ұлытау облысының үш тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 200 000 теңгені болды.

Кінәлі тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі шығарылды.

Айта кетейік, Павлодарда жиһаз жасауға тапсырыс қабылдап, тұрғындарды 12 млн теңгеге алдаған 39 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды.