Ұлытау облысында далада қалған үш жергілікті тұрғын құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін кешке Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Жезқазғаннан 40 шақырым жерде далада тұрып қалған Талап ауылының үш тұрғынын эвакуациялады.

боран
فوتو: ب ق و توتەنشە جاعدايلار دەپارتامەنتى

Белгілі болғандай, олар күндіз көлікпен мал іздеуге аттанып, бірақ көліктері бұзылып, қайта орала алмай қалған.

- 112 қызметіне болған жайтты хабарлап, фермерлер көмекке жүгінді. Зардап шеккендер елді мекенге аман-есен жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес еді, - делінген хабарламада.

Осыған дейін бір күнде үш көлік жанғаны туралы хабарладық. Осыған байланысты ТЖМ ел тұрғындарына ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар