Ұлытау облысында қар құрсауында қалып қойған 5 адам табылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері жоғалған 5 адамды тапты.

Ұлытау облысында 5 адам қар құрсауында қалып қойған
Фото: ҚР ТЖМ

Кеше Жезды кентінен жеңіл автокөлікпен бес адам «Бидаш-ана» шаруа қожалығына шығып, хабарсыз кеткен. Бүгін туыстары құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖМ күштері дронның көмегімен іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгін іздестіру тобы жоғалғандарды тауып, Жезді кентіне эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Белгілі болғандай, техниканың ақаулығынан олар қар құрсауында қалып қойған.

Ұлытау облысында 2024 жылы экономикалық өсім мен әлеуметтік инфрақұрылымы айтарлықтай дамығаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар