Ұлытау облысында Қазақстандағы ең ірі шахмат академиясы ашылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM - Жезқазғанда әйгілі шахматшы Жансая Әбдумәліктің шахмат академиясының жаңа филиалы ашылды.

Ұлытау облысында Қазақстандағы ең ірі шахмат академиясы ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Жезқазғанда «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС қолдауымен әйгілі шахматшы, әлемнің бес дүркін чемпионы Жансая Әбдумәліктің шахмат академиясының жаңа филиалы ашылды.

Ұлытау облысында Қазақстандағы ең ірі шахмат академиясы ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арнайы келіп, академияны салтанатты түрде ашты. Бұл — шараның маңыздылығын айқындатты.

Орталық — еліміздегі ең ірі шахмат академиясы болып саналады. Мұнда Ұлытау облысының 5 пен 18 жас аралығындағы 1000-ға жуық бала шахмат өнерін меңгермек.

Ұлытау облысында Қазақстандағы ең ірі шахмат академиясы ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірімізден танымал шахматшылар мен ел чемпиондары шығып, Ұлытау облысын тек республикалық деңгейде ғана емес, әлемдік аренада да таныстыратынына сенім білдірді.

Ұлытау облысында Қазақстандағы ең ірі шахмат академиясы ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

900 шаршы метр аумақты қамтитын жаңа филиалда оқушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген оқу орталығы болашақ чемпиондарға сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

шахмат
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Сонымен қатар, академияның ашылуы аясында «KAZAKHMYS YOUTH TEAM CHESS CUP» атты алғашқы халықаралық балалар командалық турнирі ұйымдастырылды. 

Ұлытау облысында Қазақстандағы ең ірі шахмат академиясы ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Бұл жарысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 100-ден астам жас шахматшы қатысты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ұлытау облысында шахтадағы жұмысшының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар