Ұлытау облысында Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Ұлытау облысында Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды. Олардың қатарында «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының Конституциясына — 30 жыл» мерекелік медалі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғысхаттары, сондай-ақ Ұлытау облысының Құрмет грамоталары бар.

Ұлытау облысында Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Марапаттарды өңір әкімі Дастан Рыспеков табыстап, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

Ұлытау облысында Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

— «Конституциямыз қабылданған жылдар ішінде еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуіне берік негіз болды. Конституция қағидаттарына сүйене отырып, Қазақстан саяси тұрақтылыққа, әлеуметтік-экономикалық өрлеуге қол жеткізді. Бүгінде Ұлытау өңірі де осы игіліктерден тыс қалған жоқ. Облысымызда халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік саланы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда», — деді өңір басшысы.

Ұлытау облысында Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласып, онда жергілікті өнерпаздар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Ұлытау облысында Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі
Ұлытау облысында Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі
Ұлытау облысында Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі
Соңғы жаңалықтар