Ұлытау облысында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM - Бүгін Жезқазған қаласында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.

Ұлытау облысында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Мерекелік шараға қала тұрғындары, еңбек ардагерлері, мемлекеттік мекеме өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен қонақтар қатысты.

Ұлытау облысында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Салтанатты жиын поэтикалық-композициялық қойылыммен ашылып, сахна төрінде ұлт рухын асқақтатар көркемсөз шеберлері ұлттық құндылықтарды жырға қосып, туған елге деген сүйіспеншілікті көркем бейнелер арқылы жеткізді.

Салтанатты рәсімнің басты сәті – Мемлекеттік Ту шығарылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Гимнді филармония әртісі Нұржан Есмағанбет орындап, жиналған жұрттың патриоттық рухын көтерді.

Ұлытау облысында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Шара барысында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен облыс прокуроры Жасұлан Еламанов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен Тәуелсіздіктің басты нышандары екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Ұлытау облысы жастарының атынан сөз сөйлеген оқушылар болашақ ұрпақтың елдік мұрат жолында еңбек етуге әзір екенін жеткізді.

Ұлытау облысында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Айта кету керек, айтулы күнге орай Ұлытау облысының қала және аудандарында Ту көтеру рәсімдері, автошерулер мен патриоттық челлендждер ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар