Ұлытау облысында полиция адасып кеткен екі азаматты аман-есен тапты

Ұлытау облысында екі күнге созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері далада адасып кеткен екі азаматты тапты.

Ұлытау облысында полиция адасып кеткен екі азаматты аман-есен тапты
Фото: Polisia.kz

Polisia.kz ақпараттық порталының мәліметінше, 19 тамызда Ұлытау аудандық полиция бөліміне екі азаматтың көліктері сынып, байланыссыз қалғаны туралы хабар түскен. Туыстары көмек сұраған соң бірден жедел іздестіру іс-шаралары басталды. 

Іздестіру тобына жергілікті жер жағдайын жақсы білетін тәжірибелі қызметкерлер тартылды. Олардың қатарында полиция капитаны Нұрсұлтан Байболовтың басшылығымен майор Темірлан Үмбет, капитан Нұрбол Ақбергенов, аға лейтенант Серік Медет және сержанттар Барысхан Қылыбекұлы мен Айдын Сейтжаппар болды.

Екі күн бойы жүргізілген іздестіру нәтижесінде жоғалғандар табылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір олар туыстарына аман-есен табысталды.

Бұған дейін Қостанай облысында полицейлер бақшасында қарасора өсірген тұрғынды қолға түсіргенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар