Ұлытау облысында терроризмді насихаттаған тұрғын 5 жылға сотталды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот үкімі шықты
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform агенттігі

Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етуге және оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан.

- Мемлекеттік айыптаушы сот процесінде дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысып, айыптауды толық қолдады, - деп жазды Ұлытау облыстық прокуратурадан.

Сот барлық мән-жайды ескере отырып, үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Ұлытау облысында 28 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған бухгалтерге үкім шықты.

Соңғы жаңалықтар