Ұлытау облысында жарты жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 3%-ға өскен

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Ұлытау облысында 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша жалпы өңірлік өнім 799 млрд теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өскен, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Экономиканы әртараптандыру және республиканың өнеркәсіптік негізін құру
Фото: primeminister.kz

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, өңірде жан басына шаққанда, бұл көрсеткіш 3,6 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өсті және ол республикадағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады (4 орын, ҚР – 2,6 млн тг).

Облыстың өңірлер экономикасының негізгі көрсеткіштерін талдау барысында, әлеуметтік-экономикалық даму рейтингінде Жезқазған қаласы көш бастап тұр.

Қала экономикасы өсімінің негізгі драйверлері құрылыс (2 есе), өнеркәсіп (+17,8%), тұрғын үйді пайдалануға беру (+16%) және инвестициялар (+3,6%) болды.

«Жалпы, жыл қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштердің оң динамикасын күтудеміз», - делінген хабарламада. 

Осыған дейін Жезқазғанда 400 орындық Оқушылар сарайы салынатынын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар