09:00, 28 Ақпан 2024 | GMT +5
Ұлытау облысындағы қыстақта 3 адам иіс тиіп қаза болды
АСТАНА. KAZINFORM - Ұлытау облысының Ұлытау ауданында пештен шыққан ысқа уланып, 3 адам қайтыс болды.

"27 ақпан күні Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары — ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.
Алдын ала болжам бойынша уланудың себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу" делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.