Ұлытау облысының Қаражал қаласында № 5 мектептің жаңа ғимараты ашылды

ҚАРАЖАЛ. KAZINFORM — Республика күні қарсаңында Қаражалда № 5 мектепті жаңа ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұлытау облысының Қаражал қаласында № 5 мектептің жаңа ғимараты ашылды
Фото: Қаражал қаласының әкімдігі

Жаңа мектеп — заманауи білім беру талаптарына сай жабдықталған, оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына бағытталған жаңа кеңістік.

Ұлытау облысының Қаражал қаласында № 5 мектептің жаңа ғимараты ашылды
Фото: Қаражал қаласының әкімдігі

Мұнда заманауи бастауыш сынып кабинеттері, кітапхана, робототехника кабинеттері, асхана және оқушылардың білім алуына қажетті қолайлы орта қарастырылған.

Ұлытау облысының Қаражал қаласында № 5 мектептің жаңа ғимараты ашылды
Фото: Қаражал қаласының әкімдігі

Жаңа мектепте білім мен тәрбие бір кеңістікте тоғысады. Ғимараттың ішкі безендірілуінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының бірыңғай брендбугы қолданылып, ұлттық құндылықтар заманауи форматта көрініс тапты.

Ұлытау облысының Қаражал қаласында № 5 мектептің жаңа ғимараты ашылды
Фото: Қаражал қаласының әкімдігі

Мектеп қабырғаларындағы әрбір мазмұн — жай ғана дизайн емес. Адалдық, отаншылдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, заң мен тәртіп секілді құндылықтар оқушыны күнделікті қоршаған ортаның бір бөлігіне айналған.

Ұлытау облысының Қаражал қаласында № 5 мектептің жаңа ғимараты ашылды
Фото: Қаражал қаласының әкімдігі

— Бұл — жаңа ғимарат қана емес. Бұл — жаңа мүмкіндік. Жаңа орта. Жаңа көзқарас. Білім беретін, тәрбие қалыптастыратын, баланың болашағына бағыт беретін осындай заманауи кеңістік — сапалы білім мен саналы ұрпаққа салынған инвестиция, — делінген хабарламада.