Ұлытау облысының Түгіскен ауылында жаңа ветеринариялық пункт ашылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында заманауи ветеринариялық пункттің ашылуы өтті.

Ұлытау облысының Түгіскен ауылында жаңа ветеринариялық пункт ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Жаңа нысан ауыл тұрғындары мен мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға сапалы ветеринариялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында салынды. Пункт аумағында жануарларды егу және емдеу жұмыстарына арналған арнайы қаша мен жеке қоршау орнатылған.

Ұлытау облысының Түгіскен ауылында жаңа ветеринариялық пункт ашылды
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Бүгінде Ұлытау облысы бойынша барлығы 35 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Олардың барлығы аудандық әкімдіктер мен ветеринариялық станциялардың ғимараттарында орналасқан. Ал Түгіскен ауылындағы жаңа пункт — жеке ғимарат ретінде ауыл сыртында орналасқан алғашқы нысандардың бірі.

Ұлытау облысының Түгіскен ауылында жаңа ветеринариялық пункт ашылды
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Бұл жоба — Ұлытау облысында ветеринария саласын дамыту, жануарлардың денсаулығын қорғау және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру бағытындағы маңызды қадам.

Айта кету керек, Келесі жылы 18 ветеринариялық пункт және 1 ветеринариялық станция салу жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар