Ұлытауда «Мерейлі отбасы – 2025» облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Бүгін Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары З.Ақылбекова, мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесі өкілдері қатысты.

Мерейлі отбасы
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Биыл байқауға облыс бойынша 31 отбасы қатысып, олардың ішінен 5 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл – өңірімізде отбасы институтының іргесі берік екенінің және байқауға деген қызығушылықтың арта түскенінің айғағы.

Мерейлі отбасы
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

«Мерейлі отбасы» байқауының басты мақсаты – үлгілі әулеттердің өнегесін паш ету, отбасылық құндылықтарды, отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеу, мәртебесін арттыру, сол арқылы қоғамның іргетасын нығайту. Халқымыз қашанда отбасын Отанның бір бөлшегі деп білген. Атаны асқар тауға, ананы мөлдір бұлаққа, баланы жасыл құраққа теңеп, отбасындағы өзара сүйіспеншілік пен сенім, жауапкершілік пен құрмет сезімдеріне ерекше мән берген.

Мерейлі отбасы
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Облыс әкімінің орынбасары З. Ақылбекова құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі байқауға қатысқан барлық отбасыларға алғыс айтып, әр шаңыраққа шуақты ғұмыр, таусылмас бақыт тіледі.

Мерейлі отбасы
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Биылғы байқауда «Белсенді отбасы» номинациясын Жезқазған қаласынан Таевтар отбасы, «Үлгілі отбасы» номинациясын Қаражал қаласынан Оспановтар әулеті, «Өнерлі отбасы» номинациясын Ұлытау ауданының Есімсейітовтер отбасы, «Берекелі шаңырақ» номинациясын Сәтбаев қаласынан Бекешевтер отбасы иеленді. Ал бас жүлде – бір миллион теңге, Жаңаарқа ауданының Қапбасовтар әулетіне бұйырды.

Мерейлі отбасы
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Шара барысында өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерейлі отбасы
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңінде Ұлытау облысының намысын Қапбасовтар әулеті қорғайтын болады.

Мерейлі отбасы
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Айта кетейік, Ұлытау облысының әкімі Жезқазған қаласындағы аулалардағы ойын алаңдарының жай-күйін тексерді.

Соңғы жаңалықтар