Ұлытауда Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі ашылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Бүгін Ұлытау облысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, көрнекті қазақ режиссері Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Ұлытауда Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі ашылды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Фестивальдің құрметті қонағы – Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов, сондай-ақ Жанат Хаджиевтің жұбайы Рашида ханым болды.

Ұлытауда Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі ашылды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Бұл – Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының бастамасымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған өнер мерекесі.

Ұлытауда Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі ашылды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қонақтар мен қатысушыларды құттықтап, фестивальдің өңірдің мәдени өміріндегі маңыздылығын атап өтті:

Ұлытауда Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі ашылды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

– Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі. Осы қасиетті мекенде өтіп жатқан өнер мерекесі шығармашылық ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық өнеріміздің өрісін кеңейтеді деп сенемін. Фестивальге қатысушыларға табыс, ал көрермендерге жарқын әсер тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Ұлытауда Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі ашылды
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы күндері еліміздің бірқатар театрлары мен Ресей, Қырғызстан елдерінің өнер ұжымдары өз қойылымдарын ұсынып, бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар