Ұлытаудан Қостанай облысына дейін жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — 7 қаңтарда сағат 14:00–дан бастап Ұлытау облысында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.

— 2025 жылғы 7 қаңтарда сағат 14:00–дан бастап Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жезқазған — Петропавлск» автожолының 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда, — делінген хабарламада.
2025 жылғы 7 қаңтарда сағат 14:00–дан бастап Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жезқазған — Петропавлск» автожолының 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда.
Бұл ретте жолды 2025 жылғы 8 қантар сағат 07:00–де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды.