Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы өзгерді
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы өсті, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылғы айлық есептік көрсеткішті (АЕК) индексациялауға байланысты 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҮАААЖ-бен жүру ақысы өзгерген.
Сондай-ақ 2024 жылғы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3692 теңгені құрады.
Белгілі болғандай, жеңіл көліктер - 0,07 АЕК (258,44 теңге);
16 орынға дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,08 АЕК (295,36 теңге);
32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,14 АЕК (516,88 теңге);
32 орынға дейінгі автобустар мен 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,16 АЕК (590,72 теңге);
10 тоннадан асатын жүк көліктері – 0,2 АЕК (738,40 теңге);
15 тоннадан асатын жүк көліктері –0,22 АЕК (812,24 теңге).
ҮАААЖ-ды кесіп өтетін, Қарасай, Іле, Талғар аудандарында тіркелген автокөлік иелері үшін абоненттік төлем қарастырылған.
Еске салайық, өткен жылдың маусым айында Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы пайдалануға берілген болатын.
Кейін ҮАААЖ-ның төлемақысы бекітілген еді.