Үлкен Алматы айналма жолына көліктің жылдамдығын өлшейтін жүйе енгізілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Үлкен Алматы айналмалы автожолында көлік құралдарының орташа жылдамдығын өлшейтін жүйе енгізілді. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті хабарлады. 

БАКАД
Фото: видеодан алынған скрин

— Аталған учаскеде рұқсат етілген жылдамдық — 120 км/сағ. Қазіргі уақытта жүйе тестілік режимде жұмыс істеп жатыр, жабдықтарды синхрондау және бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық баптау жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл кезең жүргізушілердің бақылаудың жаңа форматына бейімделуі үшін қажет.

— Аталған жүйе жүргізушілерді жазалау үшін емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында енгізілгенін атап өтеміз. Орташа жылдамдықты бақылау камералар арасындағы жылдамдықты күрт арттыру деректерін азайтуға және жолдағы тұрақты тәртіпті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Негізгі мақсат — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және адам өмірін сақтау. Жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамыз, — делінген хабарламада.

Айта кетелік қала магистральдары Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзартылып жатқаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар
Референдум