20:35, 08 Маусым 2025 | GMT +5
Үлкен Алматы шатқалында мотоцикл тізгіндеген жасөспірім шұңқырға құлап кетті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері шұңқырға құлап кеткен жасөспірімді құтқарды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Үлкен Алматы шатқалында тексеріс жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында олар 10 метрлік шұңқырға құлап кеткен жасөспірімге тез арада алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Зардап шеккен жеткіншек жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тауда жүргенде сақтық шараларын сақтауға және қорғаныс құралдарын пайдалануға шақырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ақтөбелік құтқарушыларға жаңа техника мен қызметтік пәтер берілгенін хабарлаған едік.