Үлкен Алматы айналма тас жолы таныстырылады

Форумның мақсаты - Иорданиядағы Алия Патшайымның Халықаралық әуежайы, Ресейдегі Пулково әуежайы мен Түркияның жетекші бірқатар әуежайлары мысалында құрылыс және әуежайларды қайта құру саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша әлемдегі үздік тәжірибе үлгілерін талқылау.
Сонымен қатар форумда энергетика және жылумен қамтамасыз ету саласына қатысты Дели энергиясын бөліп тарату жөніндегі Үндістан компаниясының тәжірибесі және Ресейдің қаланы жылумен қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы көрсетіліп, автомобиль жолдары құрылысы саласы бойынша Венгрия тәжірибесі қарастырылатын болады.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасилов: - Форумда жекеменшік секторлардағы қаржыларды мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобаларына қалай тару керектігі жөніндегі мәселелер талқылануда. Мұнда біз негізінен халықаралық тәжірибеге сүйеніп отырмыз. Себебі дүниежүзінде негізінде осындай жобалар өте көп. Бүгін форумға шақырылып отырған дамыған жеті мемлекеттің экономикасы, инфрақұрылымдарының, білім және денсаулық сақтау салаларының дамуына кезінде осындай жобалар үлкен үлес қосқан. Сол себепті біз де Елбасының тапсырмасымен осындай жобаларды Қазақстанға тартып, аталмыш жүйені елімізге енгізу бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгінгі форумға шақырылған халықаралық сарапшылар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары аясында көлік, білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын-үй шаруашлығы секторларында жүзеге асырған жобалары жайында айтып, тәжірибелерімен бөлісуде, - деп «Осы халықаралық тәжірибені Қазақстанға енгізу жолдарын академия зерттеуде. Соңғы үш жылда МЖӘ формасында тек қана үш жоба жүзеге асырылған. Ол деген біздің үлкен мемлекетке өте аз. Сол себепті МЖӘ-ның дамунына не кедергі болып отыр, неге ондай жобалар қарқынды түрде жүзеге аспай жатыр, жергілікті және шетелдік кәсіпкерлердің қаржыларын осындай жобаларға қалай тартамыз деген сынды мәселелелерді осы форумда басын кеңінен талқылау жоспарлануда» деп атап өтті.
Форумның соңында Үлкен Алматы айналма тас жолы таныстырылады. Оның құрылысы 2015 жылы басталады деп жоспарлануда. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.
- Қазір біз «Үлкен Алматы айналма тас жолы» жобасын жасауды аяқтағалы жатырмыз. Қараша айының ортасына дейін инвесторларға ұсынатын құжаттар пакетін толық дайындап, 9 желтоқсан Еуропа қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясының қолдауы арқылы тікелей инвесторлармен жиын өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді министр.
Досаевтың айтуынша, «Үлкен Алматы айналма тас жолы» жобасының байқауы екі кезеңнен тұратын болады. Ол жобаның 2-3 жыл дайындық уақытын 6-9 айға қысқартуға мүмкіндік береді екен.
Сондай-ақ, айтулы жиын барысында «Үлкен Алматы айналма тас жолы» ақылы болатындығы да айтылды.
«Үлкен Алматы айналма тас жолы» жобасы Қазақстанда өзге де жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үлкен жол болып табылады. Қазіргі уақытта бұл жобаға инвесторлар қанша қаржы құюға дайын екендігін айтуға әлі ерте. Қазір біз оның негізін қалап, инвесторларға Қазақстанға қаржы құюға жеңілдіктерді қарастырудамыз. Дәл қазіргі уақытта «Үлкен Алматы айналма тас жолы» жобасына Батыс және Шығыс Еуропа, Азия елдерінің инвесторлары үлкен қызығушылық танытуда. Біздің ойымызша нақты қызығушылық танытқан 10 инвестор болады, оның ең сенімді деген 5-7 компанияны тендерге қатыстырамыз» деді IFC кеңестік қызметінің менеджері Георги Петров.