Үлкен Алматы айналма жолы ақылы жолға айналды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 21 шілдеден бастап Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«БАКАД Инвестиция және Операциясы» ЖШС мәлім еткендей, 2023 жылға арналған ҮАААЖ үшін төлемақы құны келесідей: Жеңіл автокөлік: Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес ұсынылатын тариф, теңге: 241,5 теңге, 0,07 АЕК

Ай сайынғы абоненттік төлем, теңге(2023 жылғы АЕК ескере отырып): 1 725 теңге, 0,5 АЕК

Жыл сайынғы абоненттік төлем, теңге(2023 жылғы АЕК ескере отырып): 17 250 теңге, 5 АЕК

Автобустар - 16 орынға дейін, жүк көліктері - 2,5 тоннаға дейін: Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес ұсынылатын тариф, теңге: 276 теңге, 0,08 АЕК

Ай сайынғы абоненттік төлем, теңге (2023 жылғы АЕК ескере отырып): 2 070 теңге, 0,6 АЕК

Жыл сайынғы абоненттік төлем, теңге (2023 жылғы АЕК ескере отырып): 20 700 теңге, 6 АЕК

Автобустар - 32 орынға дейін, жүк көліктері - 5,5 тоннаға дейін: Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес ұсынылатын тариф, теңге: 483 теңге, 0,14 АЕК

Ай сайынғы абоненттік төлем, теңге (2023 жылғы АЕК ескере отырып): 3 450 теңге, 1 АЕК

Жыл сайынғы абоненттік төлем, теңге(2023 жылғы АЕК ескере отырып): 34 500 теңге, 10 АЕК

Автобустар - 32 орыннан аса, жүк көліктері - 10 тоннаға дейін: Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес ұсынылатын тариф, теңге: 552 теңге, 0,16 АЕК

Ай сайынғы абоненттік төлем, теңге (2023 жылғы АЕК ескере отырып): 5 175 теңге, 1,5 АЕК

Жыл сайынғы абоненттік төлем, теңге(2023 жылғы АЕК ескере отырып): 51 750 теңге, 15 АЕК

Жүк көліктері - 10 тоннадан аса: Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес ұсынылатын тариф, теңге: 690 теңге, 0,2 АЕК

Ай сайынғы абоненттік төлем, теңге (2023 жылғы АЕК ескере отырып): 6 900 теңге, 2 АЕК

Жыл сайынғы абоненттік төлем, теңге(2023 жылғы АЕК ескере отырып): 69 000 теңге, 20 АЕК

Жүк көліктері - 15 тоннадан аса: Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес ұсынылатын тариф, теңге: 759 теңге, 0,22 АЕК

Ай сайынғы абоненттік төлем, теңге (2023 жылғы АЕК ескере отырып): 8 625 теңге, 2,5 АЕК

Жыл сайынғы абоненттік төлем, теңге (2023 жылғы АЕК ескере отырып): 86 250 теңге, 25 АЕК

Сондай-ақ «БАКАД Инвестиция және Операциясы» ЖШС Қарасай, Іле және Талғар аудандарында тіркелген автокөлік иелері үшін абоненттік төлем қарастырылғанын хабарлады.

«Абоненттік төлемге тіркеу дүйсенбі - жұма күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін мына мекенжайларда жүзеге асырылады:

1. Талғар ауданы, Талғар қаласы, Қызмет көрсету әкімдігі, Гагарина көш. 76

2. Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Қызмет көрсету әкімдігі, З.Батталханова көш. 8

3. Қарасай ауданы, Райымбек ауылы, Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты, Байтұрсынова 13

4. Қарасай ауданы, Береке ауылы, Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты, Махатова көш. 1», - деп хабарлады «БАКАД Инвестиция және Операциясы» ЖШС.

Еске салайық, 16 маусымда Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілді. Кейін ҮАААЖ-ның төлемақысы бекітілген еді.


Соңғы жаңалықтар