Үлкен Алматы айналма жолының құрылыс мерзімі айқындалды
«Бүгінгі таңда тараптар келісімінің барлық негізгі шарттары бойынша өзара келісімге қол жеткізді және келіссөздер аяқталу кезеңінде. Келісім жасасуды тездету мақсатында министрлік, Консорциум мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Концессиялық комиссияның сарапшылар тобы Консорциуммен, ЕҚДБ, IFC және «KPPF» ЖШС бірлесіп шарт жобасының түпкілікті нұсқасын пысықтауда»,-деп атап өтті министр Үкімет отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта концессия саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілуде. Концессия шартын жасау биылғы 5 желтоқсанға жоспарлануда.
Белгілі болғандай, аталған жобаны іске асыру 2018 жылдың бірінші тоқсанында басталмақ.
Айта кетейік, жолдың құрылысын 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Оның құны 512 млрд теңгеге бағаланды.