Үлкен дулыға турнирлерінің 38 дүркін чемпионы америкалық Серена Уильямс кортқа қайта оралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) бас директоры Стив Саймон Үлкен дулыға турнирлерінің 38 дүркін жеңімпазы Серена Уильямстың қызы дүниеге келгеннен кейін кортқа қайта оралып, 2018 жылғы Австралияда өтетін ашық чемпионатқа қатысқысы келетіні туралы өтінішін қабылдады.
Саймон Tennismash сайтына берген сұхбатында Уильямстың кәсіби тенниске қайта оралып, Australian Open 2018-дің Үлкен дулыға сериясының бірінші маусымына қатысатынын мәлім етті.
Бұған дейін теннистен Австралия ашық чемпионатының директоры Крэйг Тили америкалық Серена Уильмстың 2018 жылдың қаңтар айында өтетін турнирде жеңімпаз титулын қорғап қалатынына сенім білдірген болатын.