21:23, 27 Мамыр 2015 | GMT +5
«Ұлт жоспары-100 қадам»: Қазақстан халқы БҚО ассамблеясының іс-қимыл жоспары бекітілді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы кеңесінің отырысында «Н.Назарбаевтың 5 институттық реформаларын жүзеге асыру бойынша 100 қадам» атты ұлт жоспары талқыланды.

Облыс әкімі, Қазақстан халқы БҚО ассамблеясының төрағасы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен отырыста «100 қадамға» байланысты міндеттердің маңыздылығы атап көрсетіліп, ассамблеяның іс-қимыл жоспары бекітілді.
Отырыста сондай-ақ Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы жастар қанатының жетекшісі Игорь Спиридонов пен Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап берді.
Облыстық ассамблея құрамына өзгерістер енгізіліп, қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлестері үшін елуге жуық ассамблея мүшесі мен бір топ батысқазақстандықтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік белгісімен марапатталды.