ҰЛТ ЖОСПАРЫ: Таразда мемлекеттік қызметшілердің жаңа этикалық кодексі талқыланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» қайта қабылданған заңдарға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында Жамбыл облысы мемлекеттік қызмет істері департаменті семинар өткізді.
None
None

Семинар жұмысына мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Болат Ысқақов, Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының басшысы Рахманкелді Рахманбердиев, персоналдарды басқару мамандары мен облыстық мемлекеттік органдар басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Б. Ысқақов мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтардың негізгі аспектілерін, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жұмыста іске асыратын жаңа тәсілдердің маңыздылығын атап өтті.
«Жаңа кодекс - мемлекеттік қызметшілердің жұмысындағы басты жол нұсқаушы. Кодекс мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық келбетіне негізгі талаптарды, мінез-құлықтың базалық стандарттарын белгілейді» , - деді Ысқақов.
Ол мемлекеттік қызметшілер жұмыста адалдық, әділдік, қарапайымдылық, тұрақтылық сияқты негізгі іргелі құндылықтарды ұстануы тиіс екенін атап өтті.
Шара қатысушылары мемлекеттік қызметті реформалау және азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, алға қойған міндеттерді іске асыру мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар