12:05, 15 Қаңтар 2018 | GMT +5
Ұлтараққа жасырылған есірткі: Қазақ-өзбек шекарасында ер адам ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Сарыағаш шекара жасағының шекарашылары ұлтарағына есірткі жасырып, Қазақстаннан Өзбекстанға алып өтпек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, «Қапланбек авто» бекеті арқылы жаяу өтпек болған 44 жастағы Өзбекстан азаматы.
«Ол Қазақстаннан Өзбекстанға жаяу өтуді көздеген. Жіті тексеру кезінде ұлтарағынан есірткі заты табылды. Ол 50 грамға жуық марихуананы алып өтпек болған», - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Аталған факті бойынша ОҚО құқық қорғау органдарына хабар берілді.