Ұлттар лигасы: Франция құрамасы Хорватиядан қарымта қайтара ала ма

АСТАНА. KAZINFORM — 23 наурызда футболдан UEFA Ұлттар лигасында плей-офф кезеңінің қарымта ойындары басталады.

Ұлттар лигасы: Франция құрамасы Хорватиядан қарымта қайтара ала ма
Фото: Мақсат Шағирбаев/ Kazinform

А лигасы бойынша сегіз құрама жартылай финалға шығатын төрттікті анықтайды.

Бүгінгі ойындарда Франция мен Хорватия (алғашқы ойын 0:2), Португалия мен Дания (0:1), Германия мен Италия (2:1), Испания мен Нидерланд (2:2) кездеседі. 

Үздік шыққан төрт құрама маусым айында жартылай финалға шығып, аталған турнирдің үздігін анықтауға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ қалған үш лигада қай құрамалар алдағы маусымда қандай лигада ойнайтынын анықтайды. Оған әрбір топта екінші және үшінші орын алған құрамалар қатысады.

А/B лигасының плей-офф сатысында бүгін Венгрия мен Түркия (1:3), Бельгия мен Украина (1:3), Сербия мен Австрия (1:1), Шотландия мен Грекия (1:0) шеберлік байқасады.

Ал B/C лигаларының плей-офф сатысында Словения мен Словакия (0:0), Исландия мен Косово (1:2), Грузия мен Армения (3:0), Ирландия мен Болгария (2:1) ойнайды.

C/D лигалары бойынша кездесулер 26 және 31 наурыз күндеріне белгіленген. Жарыстың аталған сатысында Латвия мен Гибралтар, Мальта мен Люксембург ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Уэльске есе жіберді

Соңғы жаңалықтар