Ұлттар лигасы: футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия мен Словенияға қарсы матчтарға кеңейтілген құрамы жарияланды.

 Ұлттар лигасы: футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды
Фото: kff.kz

Бас бапкер Станислав Черчесов қыркүйек айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы екі ойынға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жария етті. Ұлттық құрама Норвегия (6 қыркүйек) мен Словенияға (9 қыркүйек) футболшыларымен шеберлік байқасады. Тізімге 36 ойыншы енгізілген. Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – «Астана»), Михаил Габышев («Елімай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Талгат Кусяпов («КАМАЗ», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Александр Зуев, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»);

Айта кетейік, бапкерлер штабы Максим Самородов пен Сағадат Тұрсынбайдың жарақатынан хабардар. Қазіргі таңда олар «Ахмат» және «Ордабасы» футбол клубтарының дәрігерлер штабымен тұрақты байланыста отыр.

Оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйек күні Алматы қаласында басталады. Қазақстандық футболшылар 6 қыркүйекте Алматы қаласының Орталық стадионында 19:00-де Норвегияға қарсы ойнайды.

Ал 9 қыркүйекте 23:45-те құрама Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында Словенияға қарсы матч өткізеді.

Еске салсақ, маусым айында Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар