Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы UEFA Ұлттар лигасындағы үшінші ойынын Лихтенштейнге қарсы өткізді.

Кездесу барысында ел құрамасынан Бибігүл Нұрышева 5, 36-минуттарда гол соқса, Карина Берікова 26, Әмина Бибосынова 95-минутта мергендік танытты.
Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.
Енді олар 8 сәуірде «Астана Арена» стадионында Армения құрамасын қабылдайды.
Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті.
Соңғы екі кездесуде олар 30 мамырда өз алаңында Лихтенштейнді қабылдаса, одан кейін 3 маусымда Люксембургпен кездеседі.
Бұл топтан алғашқы екі орынға тұрақтаған құрамалар жарыстың келесі сатысына жолдама алады. Онда В дивизионына жолдама сарапқа салынады.