Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Лихтенштейнді жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы UEFA Ұлттар лигасында Лихтенштейнді жеңді.

Кездесу барысында Карина Берікова дубль авторы атанса, Әселхан Тұрлыбекова мен Мадина Жаңатаева бір голдан соқты.
Осылайша қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.
Ел құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Армения, Люксембург және Лихтенштейн.
Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірсе, төртінші турда 3:2 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық футболшылар 3 маусымда Люксембургпен кездеседі. Бұл ойында аталған топта қай құраманың бірінші орын алатыны шешіледі.
Айта кетсек, қазақстандық футболшылар 23 мамырда оқу-жатттығу жиыны Алматы қаласындағы «Қайрат» футбол клубының базасында басталды. Дайындық барысында Қырғызстан құрамасымен (3:1, 2:1) екі жолдастық кездесу өткізді.