Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы бүгін Словенияның осал тұсын таба ала ма
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 13 қазанда футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында төртінші ойынын Алматыда Словенияға қарсы өткізеді.

Кездесу елорда уақытымен 17:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бүгінгі ойында Англиядан келген төрешілер бригадасы қазылық етеді. Бас төреші міндетін Крейг Поусон атқарады. Оған Ли Беттс пен Нил Дэвис көмекшілік жасайды. Төртінші төрешіде сол елдің өкілі Даррен Бонд.
Ел құрамасы аталған турнирдің үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Норвегия, Словения және Австрия құрамалары.
9 қыркүйекте Қазақстан екінші турда аталған қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберген еді. Сондай-ақ ел құрамасы қазірге дейін Норвегиямен 0:0 есебімен тең түсіп, Аустрияға 0:4 есебімен ойсырай жеңілді.
Ал, Словения Қазақстан құрамасынан өзге ойындарда Австриямен 1:1 есебіне қанағат білдірсе, Норвегияға 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Екі құрама қазірге дейін үш мәрте кездесіп, барлығында словениялық футболшылар үш ұпайға қол жеткізді.
Словения құрамасының ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Ян Облак («Атлетико Мадрид», Испания), Матевж Видовшек («Олимпия», Словения), Игорь Векич («Вайле», Дания);
Қорғаушылар: Кенан Байрич («Слован Братислава», Словакия), Юре Балковец («Аланьяспор», Түркия), Яка Бийол («Удинезе», Италия), Эрик Янжа («Гурник Забже», Польша), Петар Стоянович («Салернитана», Италия), Ваня Дркушич («Црвена Звезда», Сербия), Давид Зец («Целе», Словения), Свен Шоштарич Карич («Пари Нижний Новгород», Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Йосип Иличич («Марибор», Словения), Санди Ловрич («Удинезе», Италия), Тими Макс Эльшник («Црвена Звезда», Сербия), Ясмин Куртич («Зюйдтироль», Италия), Томи Хорват («Штурм Грац», Австрия), Ян Млакар («Пиза», Италия), Адам Гнезда Черин («Панатинаикос», Грекия), Ян Репас («Марибор», Словения), Деян Петрович («Риека», Хорватия);
Шабуылшылар: Андраж Шпорар («Панатинаикос», Грекия), Беньямин Шешко («Лейпциг», Германия), Жан Випотник («Суонси», Уэльс), Жан Челар («Куинз Парк Рейнджерс», Англия), Блаж Крамер («Коньяспор», Түркия).