Ұлттар лигасы: Бірінші кезеңде Қазақстан құрамасы Латвияны жеңіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәл қазір елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан Еуропа Ұлттар лигасы топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы Латвияны қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталмыш ойын топтық кезеңдегі екінші орын тағдырын шешеді. Қазір топта Қазақстан дәл сол орында тұр. Егер Латвия Астанадан үш ұпай олжалап қайтса, олардың ұпай саны теңеседі. Латыштар біздің алдымызға түсіп кетуі де әбден мүмкін.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов  алғашқы минуттан негізгі құрамға Ненад Эрич, Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Серікжан Мужиков, Бахтиер Зайнутдинов, Роман Муртазаев, Бауыржан Тұрысбектерді қосты. Ал Латвия құрамасы сапында Андрис Ванин, Владислав Габов, Каспарс Дубра, Виталий Ягодински, Виталий Максименко, Игорь Тарасов, Андрей Циганик, Вячеслав Исаев, Денис Ракель, Артур Карашаускс, Валерий Шабала шықты.

Қазақстан құрамасының ойыншылары осыны жақсы түсінеді. Кездесу бастала салысымен алға қарай ұмтыла түсті. Бірінші кезең барысында шабуыл шебінде біздің жігіттер көрініп жатты. Латыштар бір-екілі шабуылға шықты. Дегенмен ол біздің қақпаға ешқандай қауіп алып келе қойған жоқ.

Бірінші кезеңде соғылған жалғыз Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаевтың еншісіне жазылды. Ол 37-минутта соғылды. Сондай-ақ, бүгін осы топтағы Андора мен Грузия құрамалары кездеседі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум