Ұлттар лигасы: Испания мен Италия финалға берілетін жолдамаға таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 маусымнан 16-на қараған түні UEFA Ұлттар лигасының тағы бір жартылай финалында Испания мен Италия құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттар лигасы: Испания мен Италия финалға берілетін жолдамаға таласады

Испания мен Италия құрамаларының ойыны елорда уақытымен 00.35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

UEFA Ұлттар лигасының финалдық сатысы 14-18 маусым аралығында Нидерландтың Роттердам және Энсхаде қалаларында өткізіледі.

Бұған дейін Хорватия құрамасы Нидерландты 4:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

https://kaz.inform.kz/news/ulttar-ligasy-horvatiya-kuramasy-finalga-zholdama-aldy_a4079056

Айта кетсек, Ұлттар лигасында 2019 жылы Португалия, 2021 жылы Франция чемпион атанды.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы В дивизионына жолдамаға қол жеткізді.

Қазақстандық футболшылар С лигасы үшінші тобында Словакия, Әзербайжан және Беларусь құрамаларымен сынға түсті.