Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Андоррамен тең ойнап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәл қазір Ұлттар лигасы Д дивизионы бойынша бірінші топтағы Қазақстан құрамасы сырт алаңда Андоррамен кездесіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Андоррамен тең ойнап жатыр

Ойын біздің құрама басымдығымен өткенімен әзірге ешқандай нәтиже келіп жатқан жоқ. Біздің футболшылар алаң иелері қақпасына шабуылды үдеткенімен одан ешбір пайда болмай отыр. Андорралықтар негізінен қорғаныс шебіне көбірек көңіл бөліп жүргені байқалып отыр.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов өткен ойыннан бірқатар өгерістер енгізді. Бұл жолы негізгі құрамда Еркебұлан Тұңғышбаев пен Юрий Логвиненконы алғашқы минуттан жасыл алаңға шығарды. Грузиямен кездесуде олардың орнында Сергей Малый мен Георгий Жуков болған еді.

Естеріңізге сала кетелік, біздің құрама алғашқы турда өз алаңында Грузияға 0:2 есебімен жол берген еді. Андорра бірінші турда Латвиямен 0:0 есебімен тең ойнады. Грузиялықтар кеше Латвияны өз алаңында 1:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды.