Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының алдағы қарсыластары тең түсті

Аталмыш кездесуде есеп ашылған жоқ. Қос құрама осылайша бір-бір ұпайдан алды.
Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы елордадағы «Астана-арена» стадионында Грузиядан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Соның салдарынан біздің құрама өз тобында соңғы орында тұр. Бұдан бұрын қос құрама төрт мәрте кездескен.
УЕФА-ның тарапынан басталған жаңа турнирдің ережесі мен талабы бойынша әрбір лигадағы төрт топтың жеңімпаздары келесі турнирде бір лига жоғарылайды.
Біздің құрама алдына өз тобында бірінші орын алу міндеті басты мақсат етіп қойылған.
Қазақстан құрамасы ендігі кездесуін 10 қыркүйекте сырт алаңда Андорраға қарсы өткізеді. Ал біздің топтағы Грузия өз алаңында 9 қыркүйекте Латвияны қабылдайды.
Сондай-ақ, қазір А лигасының бірінші тобындағы Германия мен Франция арасындағы кездесуде 0:0 есебі тіркелді. Ал В лигасы үшінші топтағы Уэльс Ирландиядан 4:1 басым түсті. С лигасындағы Норвегия Кипрді 2:0 есебімен жеңсе, Словения Болгариядан 1:2 есебімен есе жіберді.
«Д» лигасының төртінші тобындағы Армения Лихтенштейнді 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Гибралтар Македенияға 0:2 есебімен жол берді.