Ұлттар лигасы: Қазақстан мен Албания бірінші кезеңде гол соққан жоқ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір футболдан UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының өз алаңындағы Албаниямен кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірінші кезеңде екі құрама да бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен ол мүмкіндіктерді голға айналдыра алған жоқ. Бірінші кезең 0:0 есебімен тең аяқталды.
Естеріңізге сала кетелік, екі құрама С лигасы төртінші тобында сынға түседі. Олардан өзге Беларусь және Литва құрамалары бар. Турнир кестесінде барлығының жағдайы бірдей, үш-үштен ұпайы бар. Сондықтан бүгінгі ойында жеңіске жеткен құрамалар жағдайын жақсарта түседі.
Қазақстан мен Албания құрамалары бұдан бұрын 2006 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде екінші топта бақ сынасты. Алдымен 2004 жылдың 13 ақпанында Алматыда өткен кездесуде қазақстандық құрама қарсыласына 0:1 есебімен жол беріп қойды. Ал 2005 жылдың 9 қыркүйегінде сырт алаңда қазақстандықтар 1:2 есебімен жеңілді. Сол кеткен есені Қазақстан бүгін қайтара ала ма? Оны бүгінгі ойыннан кейін бағамдайтын боламыз.
Қазақстан құрамасы бұдан бұрын екі кездесу өткізді. Алдымен 4 қыркүйекте сырт алаңда Литваны 2:0 есебімен жеңіп, 7 қыркүйекте өз алаңында Беларусьқа 1:2 есебімен есе жіберді.