Ұлттар лигасы: ҚР футболшыларының Молдоваға қарсы алғашқы құрамы жарияланды
Еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкер міндетін атқарушы Андрей Карпович матчтың алғашқы минуттарында Молдоваға қарсы ойнайтын футболшылардың есімін жариялады.
Олардың қатарында Шацкий, Сүйімбаев, Әліп, Малый, Марочкин, Быстров, Нәрзілдаев, Тағыберген, Васильев, Зайнутдинов, Щеткин бар.
Ал Молдова сапында Намашко, Думбравану, Болохан, Посмак, Рябчук, Ревенко, Ионицэ, Рацэ, Плэтикэ, Каймаков, Николаеску жасыл алаңға шығады.
Айта кетсек, аталған кездесуде бас төреші қызметін грекиялық Анастасиос Сидиропулос атқарады. Оған отандастары Полихронис Костарас пен Лазарос Димитриадис көмекшілік жасайды.
Екі құрама жарыстың аталған сатысында 29 наурызда тағы бір мәрте кездеседі. Жеңімпаз құрама алдағы кезеңде С лигасындағы орнын сақтап қалса, жеңілгені Д лигасында сынға түседі.
Қазақстан және Молдова құрамаларының кездесуі 24 наурызда елорда уақытымен 23:00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.