Ұлттық академиялық кітапхана директоры тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Күміс Сейітова ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
2025 жылдың 18 ақпанында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры лауазымына Күміс Қарсақбайқызы Сейітова тағайындалды.
Күміс Қарсақбайқызы Сейітова Қарағанды облысында дүниеге келген. Жезқазған педагогикалық институтын, Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті және «Болашақ» академиясын бітірген.
2004-2023 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соңғы лауазымы — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
2024 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Еске салсақ, осыған дейін Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалғанын жазған едік.