Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімдерді талқылауға негізделген резюмені жариялайды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімдерді талқылауға негізделген резюмені жариялай бастайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Национальный банк Казахстана Қазақстан Ұлттық банкі
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

- Коммуникациялық саясатымыздағы жаңа бағыт туралы қысқаша айтып өткім келеді. Ағымдағы болжамдық раундтан бастап, әлемдік тәжірибеге сәйкес, Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімдерді талқылауға негізделген резюмені жариялай бастайды, - деді Тимур Сүлейменов.

Оның атап өтуінше, бұл нарық қатысушыларына, қаржы институттарына және кең аудиторияға Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет мүшелері қабылдайтын шешімдердің логикасын тереңірек түсінуге және процестің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

- Менің ойымша, бұл қадам ақша-кредит саясатына және Ұлттық Банктің жұмысына сенімді күшейтеді. Толығырақ ақпаратты біз дүйсенбі күні сарапшылармен өтетін кездесуде ұсынамыз.

Сондай-ақ, талқылау нәтижелерінің қысқаша мазмұны жарияланғаннан кейін, қосымша сұрақтарға жауап беруге дайын боламыз, - деді ҰБ төрағасы.

Ол базалық мөлшерлеме деңгейін сақтау себебін де түсіндірген еді.

Соңғы жаңалықтар