Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 20 қарашаға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Kazinform.

рубль
Фото: Kazinform

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 462,79 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,20 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462– 467 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 463,5– 466,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,09 – 5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 17 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,30 теңгеге қымбаттап, 462,83 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар