Ұлттық банк: Ипотека шарттарын қайта қарауға болады

АСТАНА. KAZINFORM – Экономикадағы ақшаның қымбаттығы ипотека шарттарын қайта қарауға негіз болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов кезекті баспасөз мәслихатында айтты.

Ипотека
Коллаж: Kazinform

— Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейімен, экономикадағы ақшаның жалпы құнымен 10, 15, 20 жылға ипотека рәсімдеу артық төлем деп есептейміз. Ондай несиені алғанда «шамам келетін шығар», «талпынып көрермін» деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ 10 жылдан кейін бұл борышты уақтылы өтеп кете аласыз ба? Пәтерге өз бағасынан 3-4 есе артық ақша төлей аласыз ба? Бұл үлкен мәселе, — деді Тимур Сүлейменов.

Айта кету керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотека тәсілдерін түзету жолдарын пысықтап жатыр. Ұсыныстардың ішінде ипотеканың ең жоғары пайыздық мөлшерлемесін 20%-бен шектеу, нормативтерді қайта есептеу, бастапқы жарнаны ұлғайту ықтималдығы, қарыз алушының төлем қабілетін қатаң бағалау сияқты шаралар талқыланып жатыр.

Бұған дейін ипотеканың пайыз мөлшерлемесін төмендету 1 қарашаға дейін шегерілгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар