Ұлттық банк неге халыққа Ұлттық қорды басқару көрсеткіштері туралы ашық есеп бермей отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық банктің халықаралық арбитраждағы резонансты істерге қатысуы Ұлттық қор туралы есептіліктің ашықтығына тосқауыл болып келген. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалып отырысында осындай мәлімет келтірді. 

Ұлттық банк неге халыққа Ұлттық қорды басқару көрсеткіштері туралы ашық есеп бермей отыр
Фото: Kazinform

— Ұлттық қордың басқарудың ашықтығын әлемдік стандарт бойынша жүргізбейді, — деп сұрады Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков.

Ұлттық банк басшысының орынбасары мұның себебін халықаралық арбитраждағы істермен байланыстырды.

— Ұлттық банк — бұл қордың сенімгерлік басқарушысы. Сондықтан Ұлттық банк тарапынан бүкіл есеп жыл сайын Үкіметке беріліп отырады. Ол есептерді қаржы министрлігі жинақтап, Президенттің Жарлығымен бекітеді. Осыдан кейін міндетті түрде жариялануға тиіс. Дегенмен де соңғы жылдары бұл ақпарат толығымен жарияланған жоқ. Себебі, өздеріңіз білесіздер, халықаралық арбитражда резонансты істер болды. Биылдан бастап, жақын арада Жарлық шығады. Содан кейін есептілік толығымен жарияланады. Ол жерде сіз айтқан инвестициялық көрсеткіштер де, мемлекеттер бөлінісіндегі мәліметтер, табыстылық пен валютаға қатысты бүкіл ақпарат болады, — деді ол.

Ерұрлан Жамаубаев Ұлттық банк бұл тұрғыдағы есептерін үшін ай сайын және тоқсан сайын өз сайтында жариялауды жоспарлап отырғандарын айтты.

— Қазір осы есептіліктің формалары дайындалып жатыр. Сыртқы бақылауға келсек, Ұлттық қорға қатысты бақылау өте ерекше. Ұлттық қорды басқаруға қатысты арнайы кеңес бар Осы қордың қаражатының тиімді игерілуін бақылайтын арнайы комиссия бар. Сондықтан дәл қазір арнайы бір органның құрылуын жоспарлап отырған жоқпыз, — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Еске салсақ, 2024 жылдың аяғында Ұлттық қор мен Әділет министрлігі бірнеше жылға созылған Стати ісі Қазақстанның мүддесіне сай аяқталғанын мәлімдеген болатын. Стати ісін реттеу Ұлттық қорға қалай әсер еткені туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар