17:21, 20 Ақпан 2026 | GMT +5
Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Берік Шолпанқұловты қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент креативті индустрияларды қолдауға қатысты заңға қол қойған еді.