Былтыр Өзбекстанда жемқор шенеуніктер мемлекетке $278,3 млн залал келтірді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Былтыр Өзбекстанда қылмыстық жауапқа тартылған лауазымды тұлғардың саны 37,2%-ға өсті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

сыбайлас жемқорлық
Фото: Kazinform

Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы өзбекстандық шенеуліктерге қатысты 3 821 қылмыстық іс қозғалып, тиісінше 4 906 адам жауапқа тартылған.

Сотталғандар арасында 71 адам республикалық (2023 жылы 49 адам), 410 шенеулік облыстық (267 адам), 4 425 маман (3 259 адам) аудандық, қалалық деңгейдегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

Лауазымды тұлғалар жасаған қылмыстардың салдарынан мемлекетке 3,61 трлн сум (шамамен $278,3 млн) залал келді. Бұл ретте істерді алдын ала тергеу барысында 2,3 трлн сум ($180,6 млн) үкімет пайдасына өндірілген.

Еске салайық, Өзбекстанда жемқорлыққа бейім келетін шенеуніктерді ерте анықтау тәжірибесі енгізілмек.

Сонымен қатар, былтыр көршілес елде экономиканың дамуына селқос қараған 300-ге жуық шенeyнік жұмыстан босатылды.

Мұнымен бірге, Өзбекстанда инвестиция тарту ісінде олқылыққа жол берген бірқатар жоғары лауазымды шенеунік қызметін босатқан болатын.

Сонымен қатар, 2024 жылы Өзбекстанда мемлекеттік қызметте жүріп, кәсіпкерлік субъектілеріне иелік еткен министрліктердің 398 маманы анықталды.

Қоса кетсек, бір жыл ішінде Өзбекстанда бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 45 мыңға жуық ата-ана жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар