11:00, 07 Шілде 2024 | GMT +5
Ұлттық домбыра күнінде ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Ұлттық домбыра күніне Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері ерекше тарту жасады.

Мереке қарсаңында облыстық Полиция департаментінің шеру алаңында 20 жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты. Суретті толықтырған музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындады.
– Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмарымыз. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін, - деп құттықтады ШҚО ПД бастығы генерал-майор Ерлан Омарбеков.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтаған болатын.