Ұлттық инвестициялық платформа іске қосылады — Мемлекет басшысы
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Үкімет инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін сот және құқықтық жүйені жетілдіруді жалғастырып жатыр. Прокурорлық бақылау тетігі заңсыз араласуға, әкімшілік айыппұлдарға және төлемдерді тоқтата тұруға қарсы алдын алу шарасы ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар Үкімет пен инвесторлар арасындағы цифрлық өзара іс-қимыл да кеңейе түсуде. Осы жылдың соңына қарай нақты уақыт режимінде жобалардың іске асырылу барысын бақылау үшін ұлттық цифрлық инвестициялық платформа пайдалануға беріледі. Бұдан басқа, басым жобалар үшін рұқсат беруді, жер учаскелерін бөлуді және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жеңілдететін „жасыл дәліз“ құрылатын болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Президент Экономиканы ырықтандыру туралы Жарық шыққанын еске салып өтті.
«Алғашқы шаралардың бірі жаңа квазимемлекеттік құрылымдарды құруды шектеу және ұлттық жекешелендіру бюросын құру болды. Сонымен қатар, жаңа Салық кодексі инвестициялық циклдің қайта басталуын тездетуге көмектеседі. Негізгі жаңалықтардың бірі — инвестициялық салық преференцияларын енгізу, мысалы, машиналарды, жабдықтарды және бағдарламалық жасақтаманы сатып алуға байланысты барлық шығындар үшін салық шегерімін беру», — деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға дайын инвесторларды іздейтіндігін жазған едік.
Сондай-ақ 2029 жылға қарай еліміз 150 млрд доллар тікелей шетел инвестициясын тартады.