ҰҚК Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтады

АСТАНА.KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

қару
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі
221 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар