«Ұлттық қор – балаларға»: биыл 902 млн АҚШ доллары аударылды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттің балаларға арналған инвестициясы үш есе өсті. Бұл туралы Құрылтайда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырылуын талқылауға арналған Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті.

Что будет с деньгами «Нацфонд-детям», если их не использовать: Нацбанк предложил новый механизм
Коллаж: Kazinform/ Nano Banana

- 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді және әр баланың арнайы шотына тиісті қаражат аударылды. Осылайша, 2024 жылы 695,5 млн АҚШ доллары, 2025 жылы – 888,8 млн АҚШ доллары, ал 2026 жылы 901,7 млн АҚШ доллары аударылды, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, Қазақстанда 7 миллионға жуық бала тұрады. Бұл – халықтың шамамен үштен бір бөлігі. Осы балалардың игілігі үшін мемлекет тарапынан салынған инвестиция үш есе өсіп, 6,4 трлн теңгеге жетті.

Бұған дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында пайдаланылмаған қаражат қайда қалатынын жазған едік.